Семейде су тасқыны ықтимал аудандарда өзен арналары тазартылды

Семейдегі Шығыс кенті мен Согра ауданын су басу қауіпі бар, дейді мамандар.

Қазір осы аудандардағы өзен арналары тазартылып, бөгенді бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл үшін қала бюджетінен 26 миллион теңге бөлінді. Жергілікті әкімдік өкілдерінің мәліметі бойынша қыс басталғалы қаладан 380 мың шаршы метр қар шығарылған. Шаһардың оң жағалауынан өтетін 50 шақырымға жуық арық жүйесі бар. Қазіргі уақытта соның отыз бес шақырымы тазартылды. Осы маңдағы жер үйлерде 16 мыңға жуық адам тұрады.

Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының әкімі:

- Мұзды жаруға да қаражат бөлінді. Екі апта бұрын қауіпті учаскелерді аралап, көрдім. Қажет болса, мұзды да жарамыз. Барлық шаруа әкімдіктің бақылауында.