Жаңаарқада жүзу бассейні халықтың игілігіне берілді

Ұлытау облысына қарасты 35 мыңнан астам адам тұратын ауданда мұндай кешен бұрын болмаған. Жыл он екі ай бойы қызмет көрсететін жабық типтегі орталық «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешен құрылысына 153 млн теңге жұмсалды. Бассейн бір мезетте 24 адамды қабылдай алады. Ондағы суды тазарту жүйесі жаңа технологияның көмегімен автоматты түрде қосылады. Фитнес және 30 адамға шақталған жаттығу залы бар. Бұл – әзірге облыстағы 2 бассейннің бірі.

Қайрат Серікбаев, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

- «Спорт – денсаулық кепілі» дегендей, осылай күнделікті спортпен айналысып жүрміз. Жаңаарқамызда бассейн ашылып жатқанына өте қуаныштымын. Ұлдарға аптасына 3 күн берілген. Сол аптасына 3 күн бауырым бар, екеуіміз келіп отырамыз.