Семейде әр апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Азық-түлік қымбаттамай тұрмайды. Әсіресе қыстың соңы, одан көктемгі қараөзек шақта жұрттың сақтағаны таусылып, тапышлық туындай бастайды. Осы кезде жәрмеңкенің көмегі көп. Семейде әр апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Бесқарағайдың шаруалары ет, сүт, құт-ірімшігін әкелген. Сиыр мен қой еті 2100, жылқынкі 2400 теңгеден сатылды. Бұл – халық үшін тиімді баға, - дейді қала тұрғындары. Мұндай жәрмеңке Семейдің өз басы ғана емес, аудан орталықтарында да әр сенбі сайын өтеді.   

- Ет үшін келемін. Ет сапасы жақсы. Айына 2 рет келемін. Бағасы көңілімнен шығады

- Ауылдың еті. Таңдап жүріп аласың.