Таразда екі саяжай қалаға қосылады

Биыл Тараз қаласына 14 елді мекен мен Байзақ және Жамбыл аудандарының екі саяжайы қосылады.

Бас жоспар үкіметте бекітілсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық тіркеуге ауысады. Жоспарға сәйкес шаһар көлемі 30 мың гектарға дейін өседі.  Тараздың әкімі, 2025 жылға дейін қала екі әкімшілік ауданға бөлінетінін мәлімдеді. Бұл халық санының 400 мыңнан асуына байланысты орындалатын заңнамалық талап. Сонымен қатар жыл соңына қарай облыс орталығында 3 жаңа ауданның құрылысы басталмақ. Олардың әрқайсысында 60-70 көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Таразда көп жылдан бері 2 көпірге қажеттілік туындаған. Бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаржы бөлінетін болды. 

Бақытжан Орынбеков, қала әкімі:

- За линией атауы бар аймақтың мына қаланың негізгі орталық бөлігімен мынау магистральді темір жол бөліп отыр. Осы темір жолдың үстінен аспалы көпір салу біздің бас жосп арымызда қаралаған. Болашақ жаңа мөлтек аудандармен қосу үшін 1,8 км құрайтын аспалы көпірдің құрылысын біздер тағы да жоспарлап отырмыз.