Өскемендегі жаңа аудандарда электр тапшылығы болмайды

Өскеменде жаңа шағын аудандарды энергиямен қамту мақсатында 60 шақырымнан астам желі жер астымен жүргізіледі.

Осылайша қаладағы энергия тапшылығы жойылады. Қазір шаһарда шағын аудандарда ондаған көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Бұл шағын ауданға электр тарату үшін  65 бағана  орнатылды. Жекеменшік сектор тұрғындары әзірге генератор пайдаланып отыр. Оған қоса электр желілеріндегі ақаулар жиілеп кеткен. Бұл күндер енді артта қалады. Бірнеше аптадан соң жарық беріле бастайды.

Айгерім Еркінқызы, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Электр жағы біз жақта өте, енді жақсы тартып жатыр. Бізде электр батарея, сондықтан жарық жиі өшіп жатады. Сондықтан біздің жақта, атап айтқанда ,өзіме байланысты біраз қиыншылықтар болады. 

Жаңа тұрғын үйлер көп салынып жатқандықтан, электр энергиясына да сұраныс жоғарылаған. Мәселені шешу үшін электр тарату станцияларының қуаттылығын арттыру көзделген. Қолданыстағы инфрақұрылымды модернизациялауға 600 млн. теңге инвестиция құйылды. 

Мерей Әкімжанов, Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Осы 19-ықшам ауданының бірінші, екінші ауданы мен 20, 14-ықшам аудандарын электр желілерін қамтамасыз ету жұмыстардың аяқталуы биылғы жартыжылдыққа белгіленген. Яғни 60 километр кабельдер салынған. Тек ғана күн жылынған уақытта пуско-наладочный жұмыстар ғана атқарылады.

Талғат Еңсебаев, энергетикалық компанияның инженері:

- Өскемен қаласы билігінің балансындағы электр желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалды. Бұл 190 шақырымдық кабельді және 220 шақырымдық ауа арқылы тарату желісі. Сонымен қатар, бір қосалқы станцияға қызмет көрсетеміз. 

Қазіргі таңда  Өскеменнің жаңа шағын аудандарында 50-ге жуық көп қабатты баспана салынып жатыр. Ендігі мақсат - электр энергиясын тарату кезінде апаттарға жол бермеу және халықты сапалы электр энергиясымен қамту.

Вячеслав Ветлугин, Ақмарал Есімханова және Дмитрий Пыхтин