Шымкентте 26 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Шымкентте 26 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Оның тең жартысы инвесторлар есебінен салынса, қалғаны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асып жатыр. Ауқымды құрылыстың нәтижесінде шаһардағы үш ауысымды мектеп мәселесі түбегейлі шешімін табады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Жекеменшік мектептерде жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша балалар тегін оқытылады. Сондай-ақ, осы жобамен 2025 жылға дейін оқушысы көп ілім ошақтарына қосымша ғимарат салу жоспарланып отыр. Себебі, бірінші сыныпқа баратын бала саны жыл сайын өсіп келеді.

Жанат Тәжиева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

- Дәл осы бағыттағы мектептер Шымкент қаласында 38 мектеп бала саны тығыз мектептердің санын 21-ге түсірді. Үш ауысымды мектептердің мәселесі тоғыздан төртке төмендеді. Жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектептер осы мәселелерді шешіп, оң шешім қабылдауда үлкен мүмкіндік беруде.