Қонаев қаласының бас жоспары таныстырылды

Болашақта қаланың қаржы және іскерлік орталығы болады. Сондай-ақ, ғылым мен білімді дамыту жобалары іске асады.

Шаһарда қазірдің өзінде жүзден астам  көппәтерлі тұрғын үй мен мектептер салынып жатыр. Бас жоспарға сәйкес алдағы он жылда  заманауи технология мекемесі мен «Қонаев сити» қалашығы бой көтереді. Үкіметке ұсынылатын жоспармен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері танысты. 

Қонаевта екі мың  гектардан астам  жер игеріледі. Қажетті инфрақұрылым тартылып, жүздеген әлеуметтік нысан салынады. Президент Алматыдағы бірқатар жоқу орындарының филиалдарын Қонаева қаласына көшіруді тапсырды. Әзірге қалада университет жоқ. Ал бас жоспарда жоғару оқу орындары орналасатын академиялық қалашықтың жері белгіленген. Сол арқылы 2030 жылға дейін шахарда 12 мыңнан астам студент білім алады деп көзделіп отыр.

Тоқан Ботабеков, Алматы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Болашақта мен ойлаймын театр болады, оқу орындары болу керек, қала негізгі. Арнайы кәсіптік техникалық оқулар болу керек. Болашағы үлкен қала ғой. Бір жаға қалада теңіз де бар. Адамдар демалатын орындар бар, пойыз жолы бар. «Теңіздің оң жағына, Шеңгелді жақа үлкейсе деген үміттемін.

Білім мен ғылыми орталықтар «Жаңа Іле» орталығында бой көтереді.  Жоба «ақылды қала», «смарт қала» негіздемесі бойынша әзірленді. Яғни, онда адамдардың өміріне қажетті инфрақұрылым мен рухани-мәдени нысандар болады.

 «Жаңа Іле» қоғамдық-іскерлік орталығын қаланың солтүстік батысында орналасады. Онда электр энергетика, мұнай газ өңдеу, су туризмі, көлік логистика орталығы мен халықаралық әуежай болады. Орталықтық салынуымен алдағы алты жылда қала қалқының саны 115 мың адамға ұлғайады деп жоспарланып отыр»

Қазір Қонаев қаласында 45 мыңға  жуық адам тұрады. Бас жоспардың басты стратегиясы өнеркәсіп пен кәсіпкерлік нысандар салып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- «Күнделікті «маятниковый миграция» дейді ғой. 400 мың адам біздің облыстан Алматыға таңертең кетеді. 400 мың адам кешке қайтады. Әрине, жола бір сағат уақыт кетеді. Бала шағасы осы жерде, мектепте, өзі қалада. Ертеден кешке дейін. «Басты мақсат Алматыдан бері қарай адамдарды қайтадан тарту. Ол тенденция бізге жақсы келе жатыр. бұрынғы көшіп кеткен адамдар қайтып жатыр. Біз соны пайдаланып адамдарға мүмкіншілік жасауымыз керек. Ол мүмкіншілік бизнесті дамыту.

Алдағы қаланы дамытудың алдағы он жылға арналған бағдарламасында қала маңындағы оншақты саяжай аумақтарын қалаға қосу көзделген. Енді бас жоспар Үкіметте қарауына ұсынылады. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев