Еліміздің бірқатар өңірінде боран соғады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстанда желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында да қарлы бұрқасын күтіледі. Жел соғып, тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында да ауа райы – қолайсыз. Абай, Павлодар өңірлерінде жел тұрады. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан аймақтарында қар жауып, кейін тұман басады. Еліміздің оңтүстігінде жел соғады. Астанада көктайғақ болады.