ШҚО-да тау жолдары түнде жабылады

Ал Шығыста қар көшкіні кезеңіне қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Тәртіп сақшылары қазір тәуліктік кезекшілікке көшті. Түнгі уақытта қауіпті жол учаскелері уақытша жабылатын болады. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 10 тау көшкіні тіркелген. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері күн жылынып, қар ериді. Сондықтан,  қауіп сейілмегенше, шектеу шаралары жалғасады.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күн бұрын туристік автобус қар астында қала жаздады. Абырой болғанда, көшкін жол учаскесінің бір бөлігін жапқан. Жолаушылардың барлығы дін аман. Полиция қызметкерлері тұрғындарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді.

Андрей Ларионов, ШҚО ПД жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Қар көшкіні қауіпі бар учаскелер жіті назарымызда. Патрульді полиция мамандары тәуліктік кезекшілік атқарып жатыр. Сонымен қатар, жүргізушілермен арасында қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Оларға қауіпті бағыттар туралы ақпарат береміз.