Алматы қаласының бас жоспары әзірленеді

Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары әзірленіп жатыр. Мұны Президент қабылдауында болған шаһар әкімі айтты.

Мемлекет басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шараларды мақұлдап, биылғы екінші жартыжылдықта аудит жүргізу жоспарына қолдау білдірді. Бұл жұмыстар қаладағы нысандардың құжатын жаңартуға мүмкіндік береді. Ерболат Досаев қаңтар айында инвестициялық және іскерлік белсенділік артқанын атап өтті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9%-ке ұлғайып, сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсімді қамтамасыз етті. Қабылдауда «жасыл дәліздер» жасау үшін дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-жоспар жайында да есеп берілді. Жоба бойынша жасыл желекті аумақтардың ауданын ұлғайту, өзен арналары мен каналдар бойын көгалдандыру жоспарланған. Алматының индустриялық аймағында көлік кластерін құру барысы да баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табысты арттыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған шараларды күшейтуді тапсырды.   

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында  Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген. Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл шаһардағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.