Алматы бағытындағы айналма жолды су шайып кетті

Алматы бағытындағы "Күрті - Бурылбайтал" айналма жолын қарғын су шайып кетті.

Қазір жолда қозғалыс шектеліп, мамандар қар суын, басқа арнаға бұрып жатыр. Айналма жолдың 2 мың шақырымына мердігер мекеме топырақтан үйінді жасап, қосымша су өткізу құбырларын салуда. Автожолдың жағдайы, Қаз-Автожолдың ерекше бақылауына алынды.