Қазақстандық құтқарушылар жоғары марапатқа ие болды

Қазақстандық құтқарушылар Түркия мен Сириядағы зілзаланың салдарымен күресте жанқиярлық танытып, төтенше жағдайда көрсеткен ерен ерлігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда 17 адам ІI дәрежелі «Айбын», Құрмет, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлік үшін», «Ерен еңбегі  үшін»  ордендері мен «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына» ие болды. Сонымен қатар құтқарушылардан бөлек, бұл жұмыстарға атсалысқан 112 адамға Президент Алғысы жарияланды.