М. Әшімбаев ұлттық құндылықтарды дәріптеу жөнінде сөз қозғады

Еліміздегі барлық саланы дамыту кезінде әділеттілік қағидатын енгізу қажет. Ол үшін мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамның күшін біріктіріп, әр істі ұлттық мүдде тұрғысынан саралап, әрекет ету аса маңызды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында осылай деді.

Оның айтуынша, дәл қазір ұлтты ұйытатын ортақ құндылықтарды дәріптеудің берері мол. Осы тұрғыда әр азаматтың пікірі бөлек болғанымен, бүкіл ел үшін маңызды құндылықтарды естен шығаруға болмайды, - деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүкіл елді біріктіретін, бүкіл елге ортақ болуы керектігі ақиқат. Негізгі құндылықтарымызды айтатын болсақ, ол: тәуелсіздік, әділеттілік, татулық, еңбекті құрметтеу, білімді азаматарды тәрбиелеу. Ол қоғамымызға ортақ құндылықтар. Ақпараттық тұрғыдан күрделі заманда оны дәріптеу үшін ұтымды заманауи тетіктер, механизмдер керек. Оны әр топқа жеке жасау керек.