Астанада «Қайырымдылық керуені» байқауы қорытындыланды

Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі істі үлгі еткен шара осымен 5-ші рет өткізіліп отыр. Биыл қатысуға өтінім бергендердің саны мыңға жуықтады. Олар 7 номинация бойынша іріктелді. Қайырымды, батыл әрі әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқан белсенді азаматтарға басымдық берілді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы мен арнайы медаль табысталды.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Біздің жобамыздың ең негізгі миссиясы – ол қоғамымызды бірлікке шақыру, қоғамымызда ерекше көмекке қажет ететін топтарға өзінің басындағы қиындықтарға қарамастан көмек беріп жатқан адамдардың өмірін көрсету арқылы жақсылықты тарату.

Саламат Алламбергенов, байқау жеңімпазы:

- Таңертең сағат 10-дардың шамасында көрші үй өртеніп жатыр екен. Үйінде 3 баласы бар, күніге көріп жүрген балалар. 5 жаста, 3 жаста, 1 жас 2 ай. Әке-шешесі сыртынан құлыптап, әкесі жұмысқа кеткен, шешесі суға кеткен. Сол кезде жаңбырдан «замыкание» болып үй өртеніпті. 3 баланы терезені сындырып кіре алмағаннан кейін есігін сындырып алып шықтым.