Биыл бизнесті қолдауға ₸1 млрд бөлінеді

Биыл мемлекеттік тапсырыс төңірегінде шағын және орта бизнесті дамытуға шамамен 1 млрд теңге бөлінеді. Қаражаттың 80%-і – оқу курстарының ақысы. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес форумда айтылды.

Форум барысында бизнесті қолдаудың өзгеде тетіктері сөз болды. Ал наурыз айында әйелдерді кәсіпкерлік курстары арқылы оқыту басталады. 

Бейсен Жолболдиев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Биылдан бастап Экономика министрлігі жағынан тапсырма алынды,1 млрд көлемінде әйел кәсіпкерлерің дамыту бойынша қарастырылған. Наурыз айынан бастап әйел азаматтарды оқытуға даярмыз. Бизнес жобаны жазу қиын, бұл бойынша да Атамекен платформасында біз тегін осы бизнес жопарларды жазуға көмек береміз.