loader


Алматыда заңсыз қару айналымының жолы кесілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда арнайы операция өткізіп, заңсыз қару айналымының жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел зерделеу жұмысы кезінде суық қару мен оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерінің саудасы анықталды. Бірақ қаскөйлер құпиялықты қатаң сақтап, түрлі айла-шарғы ойлап тапқан. Осының әсерінен қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеу қиын болды. Дегенмен құзырлы органдар күдіктінің ізіне түсіп, бірнеше адамды ұстады. Қару-жарақтың негізгі бөлігі шетелдерден жеткізілгені анықталды. Заңсыз айналымнан 12 қару, 2000-нан аса оқ-дәрі, сонымен қатар қымбат пышақ, қанжар, қылыш және жүзі жасырылған қол таяқтар алынды.

Сондай-ақ...