Атырауда есірткі дайындап, сатқан күдікті қолға түсті.
Тәртіп сақшыларына Береке ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде есірткі сату дерегі бойынша хабарлама түскен. Жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерінен 7 трамадол, «Сомнол» дәрісі, психотроптық есірткіге ұқсас зат тапқан. Бұған қоса белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын 14 дана құжат, 6 еңбек кітапшасы мен 3 млн теңгеден астам ақша тәркіленді.
Әсет Дарыбаев, №2 қалалық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі:
- Тінту барысында тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған мән-жай бойынша ҚР ҚК 296 бабы 2-бөлігімен алдын ала тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қалған тергеу барысы ҚР қылмыстық процессуалды кодексінің 201 бабына сәйкес жария етуге тыйым салынады.
