«АрселорМиттал Теміртауда» бүгінде 10 мыңға жуық әйел еңбек етеді

Елдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «АрселорМиттал Теміртауда» бүгінде 10 мыңға жуық әйел еңбек етеді.

Жаны нәзік болғанмен олар ауыр жұмыста ерлерден кем түспейді. Тіпті өндірістің алды. Компания еңбекті бағалайды. Ұжымдық шарт аясында әйел қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Сорғы станциялары учаскесінің бастығы, техникалық бөлімнің инженері, бақылау жетекшісі және конвейер операторы. «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатында осындай қызметтерді әйелдер атқарып жүр. Соның бірі – Динара Масабаева. Теміржол көлігін басқару бөлімінде диспетчер. Осы салада 40 жылға жуық еңбек етіп келеді. Металлургиялық комбинатқа 2004 жылы келген. Содан табан аудармаған.

Динара Масабаева, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көлік басқармасының жүк диспетчері:

- Жұмысымызды әйелдерге тән деп айтуға болады. Жылдамдықты қажет етеді. Өндіріс үшін біздің темір жол өте маңызды. Өйткені цехтарды шикізатпен қамтамасыз ету керек. Ол үлкен жауапкершілік. Тауарларды уақтылы жеткізіп тұру қажет.

Ерлермен бірге жұмыс істеп, зауыттың және тұтастай алғанда елдің дамуына көп үлес қосып жүрген әйелдер аз емес. Екінші кейіпкеріміз -  конвейердің машинисі Александра Куницына.

Александра Куницына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конвейер жүргізушісі:

- Мен мұнда бояу материалдарын әкелемін. Оны түсіріп, қоймаға орналастырамын. Сосын металды бояймыз. Қысқаша айтсақ жұмысыз осындай.

Соңғы 5 жылда компания әлеуметтік салаға 200 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Ана мен балаға ерекше көңіл бөледі. Атаулы күндер мен кәсіби мерекелерде қызметкерлерді ынталандырып тұрады. Алда Халықаралық әйелдер күні. Кәсіпорын 10 мыңға жуық әйелді құттықтамақ.

Авторы: Қорған Қонысбайұлы