Алматыда Азаматтық қорғаныс күніне арналған көрме өтті

Бүгін Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.

Осыған орай Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өрт сөндіру, құтқару құрал-саймандарының және ауыр техникалардың көрмесі өтті. Түркиядағы зілзаладан кейінгі құтқару жұмыстарына қатысқан кинологтарда келіп, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 7 балға дейінгі жер сілкінісін ими-тациялауға қабілетті мобильді си-мулятор көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамдарға жедел көмек беру бойынша, оқыту тренингтері өтті. Сәтбаев Университетінен «Кешенді қауіпсіздік» оқу сыныбы ашылып, енді мұнда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дәріс береді.

Ержан Көлдеев, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры:

- Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ ұжымының шешімі бойынша Түркия елінде және елімізде ерекше айрықша еңбек көрсеткен және батырлық іс қимыл жасағандарға бес грантты бөліп отырмыз. Бізде өздеріңіз білесіздер Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланыс жасаймыз. Бізде еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздігі бойынша мамандық дайындалады. Сол мамандық бойынша 5 грант ұсынып отырмыз.