Астана жасыл қалаға айналады

Астана жасыл қалаға айналады

Премьер - Министр Әлихан Смайылов елорда әкіміне көгалдандыру шараларын үдетуді жүктеді.

Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының бас шаһарды дамыту тапсырмасы жайында баяндама жасады. Атап айтқанда, құрылыс, үлескерлердің мәселесін шешу жолдары, жылу электр орталығы, сорғы сүзгі станциялары мен кәріз тазарту нысанын жобалау туралы айтты. Кеңесте жол жөндеу, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірді іске қосу, автобус паркін жаңарту, LRT жобасын аяқтау, сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандарды ашу жоспары сөз болды.