«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында ерлермен қатар нәзікжандылар еңбек етеді

«АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинаты.

Аты айтып тұрғандай бұл кәсіпорынның жұмысы ауыр әрі жауапты. Бір қарағанда ер азаматтар ғана атқара алады. Дегенмен, комбинатта нәзік жандылар да ел қатарлы еңбек етуде. Олар тек кеңселерде қағаз толтырумен емес, цехтарда ауыр темірлерді кесіп, жонумен де айналысады.

«АрселорМиттал Теміртау» метталургия комбинатында ер азаматтармен иық тірестіре қызмет етіп келе жатқандардың бірі Светлана Панова. Темір-бетон бұйымдары мен металл цехының темір жонушы маманы болып еңбек етеді. Светлана бұл бөлімдегі жалғыз әйел. Кілең ер азаматтардың айналасында жұмыс істеу еш қиын емес дейді тәжірибелі маман.

Светлана Панова, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ темір-бетон бұйымдары мен металлоконструкция цехының жонушы маманы:

- Мен мұнда кездейсоқ келдім. Жасым 35-ке толғанда осы комбинатқа жұмысқа шақырды. Содан бері міне 20 жылдан астам уақыт өтті. Әйел қырық шырақты демей ма? Біз секілді жандар соған дәлел.

Жұмыс ауыр, әрі жауапты – дейді, Светлана. Түрлі металл бұйымдарын білдекте кесіп-жонуда аса сақ болу қажет. Сондықтан цех ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау да аса маңызды. 

Светлана Панова, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехының жонушы маманы:

- Бізде біреуге сөгіс жариялап, жазалау міндеті жоқ. Егер бір олқылықты көрсек, онда сол қызметкермен әңгімелесеміз. Қауіпсіздікті сақтау керектігін айтамыз. Егер жұмысшының өз міндетіне көңілі толмаса, басшылыққа еңбек талаптарын жақсарту керектігі жөнінде хабарлаймыз.

Жалпы «АрселорМиттал Теміртау» метталургия комбинатында 10 мыңға жуық әйел еңбек етеді. Олар сорғы станциялары учаскесінің бастығы, техникалық бөлімнің инженері, бақылау жетекшісі. Кәсіпорын басшылғының сөзінше, халықаралық әйелдер күні мерекесінде еңбегі ерге бергісіз қыз-келіншектер елеусіз қалмайды. 

Риат Шони