Биыл көктемде әскерге 18 мың азамат шақырылады

Биыл көктемде әскер қатарына 18 мың азамат шақырылады.

Ал жыл аралығында олардың саны 36 мыңнан асады. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді. Оның пікірінше әскерге баратын азаматтарға қатысты жеңілдіктің нәтижесінде отан алдындағы борышын өтеуден жалтаратындардың саны едәуір азайды. Атап айтқанда биылдан бастап несиесі бар азамат әскер қатарына алынса, оған қарызын 13 айға кешіктіріп төлеуге рұқсат етіледі. Қазірдің өзінде бұл жеңілдікті 3,5 мың азамат пайдаланған. Сондай-ақ әскерден жалтару үшін таныс іздеп сабылудың қажеті жоқ. Министрлік бұл жүйені де автоматтандырған. Енді мемлекеттік мекемелермен интеграцияланған жүйе негізінде кімнің әскерге баратыны ал, кімнің уақытша босатылатыны адам қатысуынсыз анықталады. Шешімі азаматтардың ұялы телефонына СМС хабарлама ретінде жолданады. Бұдан бөлек әскерден келген 36 мың азаматқа елдің 40-қа жуық жоғары оқу орыны 3 мың грант ұсынады.

Дархан Ахмедиев,  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Грантты тарату жұмысын таза, сапалы етіп жасау үшін «Сарбаз 2.0» жүйесін жасағанбыз. Онда сарбаздар кіріп, өз бағасын көре алады. Күнделікті өздері тапсыратын тест физ, психподготовка бойынша бәсекеден өтеді.