3-наурыздан бастап соттан тыс банкроттық рәсімі қолжетімді болады

Ертеңнен бастап қазақстандықтар үшін соттан тыс банкроттық рәсімі қолжетімді болады.

Оған борышкерлердің 95 проценті қатыса алады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінінде айтылды. Бұл рәсімді банкке, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерге қыруар қарызы бар адамдар пайдалана алады. Бір шарт - берешегі 5,5 млн теңгеден аспау керек әрі 1 жылдан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ, өтініш білдірушінің атына тіркелген мүлігі болмау қажет.  Өтінімді eGov порталы арқылы, E-salyg-Azamat қосымшасы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Әр өтінім екі апта бойы қаралады.