Қазақстанда шенген визасын рәсімдеу өзгермейді

Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық Одақтың шенген визасын рәсімдеуде наурыз айынан бастап өзгерістер болмайды.

Ортақ аймақ елімізді қара тізім қатарына енгізген жоқ. Бұл туралы қазақстандағы ЕуроОдақ өкілдігі хабарлады. Ұйымның мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтарына шенген визасын одаққа мүше елдердің консулдығы 15 күн ішінде рәсімдейді. Кей жағдайларды бұл процесс 45 күнге созылуы мүмкін екенін ескертеді.