Қазақстандықтар наурызда 12 күн демалады

Наурызда қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады.

Бұл айда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесі тойланады. Ұлыстың ұлы күні азаматтар 3 күн бойы тынығады. 21,22,23-ші наурыз - аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Осылайша наурызда қазақстандықтарды 4 күн мерекелік демалыс күтіп тұр.