Жамбыл облысында 241 шетел азаматы ұсталды

Жамбыл облысында, ел аумағында заңсыз жүрген 241 шетел азаматы ұсталды.

Оның ішінде өз Отанында іздеуде жүрген 8 қылмыскер бар болып шықты. Бұл соңғы 1 аптада анықталған дерек. Шетелдік азаматтардың көбі елге жұмыс істеуге келген. Бірақ бірінің рұқсат қағазы болмаса, енді бірі төлқұжатын жоғалтқан. Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 68-і депортацияланды. Олар енді 5 жылға дейін Қазақстан аумағына кіре алмайды. Мигранттарға жұмыс ұсынғандар да жауапкершілікке тартылды.  

Арман Тұрдалиев, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасның басшысы:

- 105 шетел азаматын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін, ҚР әкімшілік коддексінің 519 бабы бойынша 40 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 80 пайыз Өзбекстан Республикасының азаматтары, және де Ресей Федерацисының және Қырғызстан Республикасының азаматтары бар.