Ақсуатта бассейні бар 2 мектеп салынады

Абай облысының Ақсуат ауданында 400 балаға мектепте орын жетіспейді.

Сондықтан өңірде 3 білім ошағын салу жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақсуат және Екпін ауылында бассейні бар, екі білім ордасы бой көтереді. Аудан орталығы Ақсуатқа 300 орындық мектеп керек. Ал Екпін елді мекеніндегі білім ошағы апатты жағдайда тұр. Спортзалдың төбесінен су сор-ғалағандықтан, ол комиссия шешімімен жабылған.

Амангелді Қыдырмолдин, Ақсуат аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Ақсуата ауылында 277 оқушыға орын тапшы. Жаңа мектеп салынса бұл мәселе шешімін табады. 2024 жылы Екпін ауылындағы Ысқақ Кәбеков атындағы мектептің орнына 300 орындық мектеп салу жоспарлануда. Өйткені, бұл мектеп апатты деп танылған болатын.