Атырау облысына 183 дәрігер жетпейді

Атырау облысына 183 дәрігер жетпейді. Қазір балалар невропатологі, анестезиолог, гинеколог, реаниматолог секілді мамандар тапшы.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласындағы мәселелердің реттелетінін айтты. Сапар барысында кардиологиялық орталық пен шприц өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Дәрігер тапшылығына қатысты мәселенің жергілікті әкімдікпен бірлесе шешілетінін жеткізді. Жалпы елде жыл сайын 5 мыңға жуық маман оқу бітіреді. Министрдің айтуынша олардың өңірлерге барып жұмыс істеуі үшін әлеуметтік мәселелері жолға қойылуы тиіс. Сондай-ақ, қазір медицина саласының маманы болам деген мектеп бітіруші түлектерге арналған гранттардың да көп екенін айтты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Барлық бас дәрігерлермен кездесіп, әр мекеменің жылдық қорытндысы мен алдарына қойған міндеттері талқыланды. Окушер-гинеколог жетіспейді, балаларды қарайтын әр түрлі көп бейінді мамандардың жетіспейтіні, ауылдық дәрігерлердің жетіспейтіні жөнінде сөз қозғалды. Әкімшілікпен бірігіп , жұмыс жасайтын боламыз.