«АрселлорМиттал Теміртаудағы» нәзік жандар ауыр кәсіпті меңгерген

«АрселлорМиттал Теміртау» компаниясының сорғы стансаларында 70-тен астам білікті маман қызмет етеді.

Олардың басым бөлігі - әйелдер. Нәзік жандылар ерлермен қатар ауыр кәсіпті меңгеріп, цехтағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етіп отыр. Солардың бірі - Татьяна Хлуднева.

Татьяна Хлуднева «Арселлор Миттал» компаниясының сумен қамту цехына 1997-ші жылы жұмысқа орналасты. Мансабын оператор ретінде бастаған ол қазір учаскенің басшысы болып отыр. 26 жыл ішінде нәзік жанды қызметтің түр-түрін атқарып, өзін білікті әрі жауапкершілігі мол маман екенін көрсете білді. Татьяның айтуынша, мұндай жетістікке қол жеткізу үшін, көп тәжірибе жинауға тура келді.

Татьяна Хлуднева "АрселорМиттал Теміртау" ақ сорғы стансалары учаскесінің басшысы:

- Мен институтты "Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі" мамандығы бойынша бітірдім. 97-ші жылы осы цехқа жұмысқа кірдім. Басында оператор болсам, кейін мені сорғы құрылғыларының машинисі болып тағайындады. Кейін тіпті кәсіподақ комитетін басқаруға кірісіп кеттім.

Татьянамен бірге жұмыс істейтін ұжым негізінен әйелдерден тұрады. Олар бірлесіп, цехты үнемі таза ұстауға тырысады. Тіпті іште гүл өсіріп, кеңселерінің сәнін келтіруге барын салады.

Татьяна Хлуднева "АрселорМиттал Теміртау" АҚ сорғы стансалары учаскесінің басшысы:

- Басқа цехтан бізге келетіндер тазалыққа ерекше көңіл бөлетінімізді байқап отырады. Осындағы әйелдер оған үлкен мән береді. Жұмысымызадал атқаруға да көп көңіл бөлеміз. Бізде күнде бір қызықтар болады. Таңғы 7-ден бастап нысандарымызды тексереміз, құжаттарымызды реттейміз.

Жоғары жеткістіктерге жеткен Татьяна Хлудневаның қазір тек бір ғана арманы бар. Ол 58 жасында зейнетке шыққысы келеді. Халықаралық мереке қарсаңында Татьяна барша қазақстандық әйелдерге қызметтегі қиыншылықтарға мойымай, әр күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алуды тілейді.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ернар Нысанбай