Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды

Редакцияларға, журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Оның есімі Аркадий Клебанов-Маневич. Қазақстан азаматы. Күдіктіге «қоқан-лоққы, бұзақылық жасады, қасақана жеке мүлікті бүлдіріп, жойды» деген  айып тағылып отыр. Тергеу барысында Клебанов тобы мүлік бүлдірумен қатар, БАҚ  өкілдеріне қарсы 30-дан астам   арандату, хаккерлік шабуылдар жасағандығы анықталған. Ішкі Істер Министрлігі бұл Мемлекет басшысын, оның жүргізіп отырған реформасына сенімсіздік тудырып,  беделін түсіру мақсатында ұйымдастырылғандығын айтады. Күдікті  қылмыстық іс-әрекеттерін толық мойындады. Заңның бірнеше баптарымен айыпталған күдікті, қамауға алынды.  

Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ  департамент басшысы:

- Клебанов-Маневич құқыққа қарсы жоспарларын іске асыру үшін, хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсатымен нұсқауларды өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін валютаны криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған. Тергеу жаласуда. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.