Елімізде ауыл шаруашылығына маман жетіспейді

Еліміз бойынша ауыл шараушылығы саласына төрт мыңға жуық маман қажет.

Көтермеақы, баспана беріп, қанша ынталандырса да, жоғары оқу орындарының түлектері  ауылға барғысы жоқ.  Зооинженер, ветеринар мамандықтарына жастардың қызығушылығы неге төмен?

Қостанай облысының Новопокров ауылында былтыр замануй жабдықталған сүт фермасы ашылды. Эстониядан 198 бас асыл тұқымды сиырлар әкелінді. Қазір мұндағы бір ғана түйткіл, ол малды бағып, күтетін  мамандардың тапшылығы. Жоғары жалақы тағайындап, үй-жаймен қамтамасыз етсе де, ауылға жастардың келгісі жоқ –дейді шаруашылық басшысы.    

Ұзақбай Ағайдаров, шаруашылық басшысы:

- Егер мал шаруашылығын, ет, сүт өндірісін дамытқымыз келсе, болашақ мамандар  ветеринарлық, зоотехникалық факультеттерде тегін оқытылуы керек. Бірақ университетті бітірген соң бес жыл шаруашылықта жұмыс істеуге міндеттелуі шарт. Оған келіспесе, оқу ақысын қайтаруы қажет. 

Мағауия Қалиев, тілші:

- Қазақстан бойынша ветеринарларды  дайындайтын 23 жоғары оқу орыны бар екен. Жыл сайын шамамен  мың жарымға жуық адам осы мамандықты алып шығады.  Егер олардың бәрі тұрақты ауылда қалып жұмыс істейтін болса, кадр тапшылығын бір-екі жылдың ішінде жоюға болар еді. Алайда іс жүзіндн олай болмай тұр.

Астанадағы агротехникалық университетте кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі. Биыл бұл оқу орынын ветеринария мамандығы бойынша 115 түлек бітіргелі отыр. Жұмыс берушілер тарапынан жас мамандарға сұраныс бар. Қаржылай қолдап, баспанмен қамтамасыз етуге дайын. Бірақ соған қарамастан олардың тек 46 проценті ғана ауылда тұрақтап қалады екен. 

Роман Бейсенғалиев, ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы:

- Грант деген бізде көп. Сондықтан бізге грант үшін түседі деп ойлаймын, біріншіден. Грантта оқып, әке-шешесіне салмақ салмай, 000408 бірақ енді оқу барысында, сол процеске мамандыққа қызығып, содан кейін барып тұрып, уже мамандықты дұрыс таңдадым деп өздерінің ойларын айтып отырады.

Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты ұлттық ғылыми білім беру басқармасындағылар  жас мамандарды ауылда тұрақтандыру үшін, бірінші кезекте оларды барынша әлеуметтік жағынан қолдау керек деп санайды.  

Бақыт Насырханова, Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру басқармасының бас менеджері:

- Грантпен оқыған балаларды үш жыл мерзімде еңбек өтілін ауылда өтеуге тиіс деп, осындай норма енгізілген 2018 жылдан бастап. Міне содан бері қарай әжептәуір жақсы болып қалды. Енді проблемада жоқ емес. Ол проблема жергілікті жердің мәселесі. Сосын мынандай бір программа бар «Дипломмен ауылға». Оның әкімшісі жаңағы Ұлттық экономика министрлігі. Меніңше осыны жандандыру керек сияқты.  

Үкімет тарапынан ауылшараушылығы мамандарын даярлауға республикалық бюджет есебінен жыл сайын екі мыңнан астам грант бөлінеді. Соның жартысына жуығы ветеринария бағытында.

Мағауия Қалиев, Ерлан Наурызбаев, Мұрат Әріпханов