Павлодарда шыбын-шіркейді улау шаралары ерте басталады

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы зарарсыздандыру шаралары бұрынғыдан ерте басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, бұл күн жылымай түрып жәндіктердің қанаттану кезеңін өткізіп алмай, олардың жаппай таралуын бодырмау үшін маңызды. Улау шаралары Ертіс өзенінің жайылымдық аумағынан басталады. Биыл 33 мың гектарлық аумаққа арнайы биологиялық препараттар шашылады. Ол әуеден жүргізіледі. Қазіргі уақытта жайылымдық алқаптардың картасы әзірленді. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың дайындығы пысықталып жатыр.

Айта кетейік, улау жұмыстары сәуір айында 2 кезең бойынша жүргізіледі.

Айгерім Қабылтаева, облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

- Температуралық режим қолайлы болса, облыс орталығының аумағындағы 27 мың гектарлық жайылым шыбын-шіркейге қарсы өңделеді. Өткен жылғы улау әдісі нәтижесін берді. Дезинсекциялық шара барысында биологиялық препарат кем дегенде 3 күн ішінде әзірленеді.