Шымкенттің инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды

Шымкентте әбден тозған 9 шақырым жылу желілерін жаңғырту жұмыстары басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортивный шағын ауданындағы қазандық жөнделіп, жаңа сорғы станциясы салынады. Биылғы жоспарда «Сайрам» елді мекенін сумен қамту, «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңарту да бар. Бұл мәселелер Үкіметте талқыланды. Премьер-министр белгіленген жоспарларды сапалы әрі уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті. Шаһарды дамыту жоспарында тұрғын үй құрылысын дамыту да бар. Алдағы 2 жылда Бозарық пен Ақжайық шағын аудандарында көпқабатты нысандар салынады. Жыл соңына дейін несиелеу жолымен мыңнан аса пәтер беріледі.

Жиында қаланы газбен жабдықтау, Мұнай зауытында шикізатты терең өңдеу жайы да талқыланды.