Ақтөбеде бірнеше күннен бері жауын-шашын тоқтамай тұр

Ақтөбеде қозғалыс қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бірнеше күннен бері жауын-шашын тоқтамай тұр. Күннің күрт жылынуына байланысты қар да қарқынды еріп жатыр. Соның салдарынан су автомобиль жолдарымен бірге жаяу жүргіншілер тротуары мен аялдамаларды да басқан. Коммуналдық мекемелер үшінші тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Кешелі бері 2,5 мың текше метр су сорғызылған.

Жалпы, жыл басынан бері су басу қаупі бар шағын аудандардан 185 мың текше метр қар шығарылды. Көктемгі тасқынға қарсы іс-шараларға қала бюджетінен 300 млн теңге бөлінді. Мамандар қажетті инертті материалдар мен жанармай қоры жинақталды дейді. 

Серік Дәулетов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қазіргі уақытта 89 асс-машинамыз жұмыс жасап жатыр қала аумағында. Оның ішінде 50 машина қала көшелерінен, орталық көшелерінен. 39 асс-машинамыз су тасқынына қарсы штабтың өтініштеріне сәйкес жұмыс жасап жатыр. Қазір қосымша техниканы 110-120-ға дейін көтеру жоспарланды. Нақты тапсырмалар берілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.