Қонаев қаласында ғасырмен құрдас кейуана тұрады

Қонаев қаласында ғасырмен құрдас кейуана Оксана Бетебаева тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында соғыс ардагерін әскерилер үйіне құттап барды. Жылдағы дәстүрге сай жылы тілектерін арнап, сый-құрмет көрсетті. Оксана Бетебаева 1920 жылы Украинада туған. 21 жасында майдан даласына алынып, медбикелік қызмет атқарды. Соғыста жарақат алған жауынгерлерді, бейбіт тұрғындарды емдеді. Соғыстан кейін қазақ азаматымен тағдыр қосады. 1958 жылы Жаркентке көшіп келеді. Кейін Қапшағайға жұмыс бабымен ауысады. Ардагер Оксана Бетебаева зейнет жасына шыққанша мектепте медициналық зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.  

Сейілжан Бекмұратов, Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары:

- Енді апамыздың хәлі жақсы. Жалғыз қалған ардагер Қонаев қаласында. Апамыз уәде берді,  9 мамырда тағы да кездесеміз ол кісімен.