Астанадағы Желілік полиция басқармасының өкілдері қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Олар, ең алдымен, теміржол вокзалындағы әріптестерін гүлмен көмкеріп, ақ жарма тілектерін жаудырды.

Осындай ықыластан жаны нәзік жолаушылар да құр қалмады. Олар тәртіп сақшыларымен би билеп, думанды күйге бөленді. Жас өнерпаздардың ән-шашуы мерекенің көркін қыздырғаны рас. Дәл осы сәтте Қостанай-Алматы бағытындағы пойыз да келіп жетті. Полиция қызметкері шоқ-шоқ гүлдерін алып, вагондарға беттеді. Мұндай тосынсый алыс жолдан шаршап келе жатқан жолаушыларды марқайтып тастады.

Серік Тоқтыбаев, Астана стансасы Желілік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

- Біздің басқарма бойынша жалпы 36 әйел қызметші, сонымен қатар 3 жалдамалы ерікті әйел азаматшалар жұмыс жасайды. Олардың барлығы да бүгінгі күні өздерінің қоян-қолтық ер азаматтармен бірдей қызметтерін атқарып жатыр. Жоғары дәрежедегі көрсеткіштерін көрсетіп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің бастамасымен осы іс-шара басқармаға қатысты барлық облыс орталығында және аудан орталықтарындағы құраммен ұйымдастырылып жатыр.