Қорғаныс министрі әйел әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады

Руслан Жақсылықов қыз-келіншектердің армиядағы жауынгерлік әзірліктің және әскери қызметтің беделін арттырудағы рөлін атап өтіп, адал қызметі үшін алғыс айтты.

Олардың қатарында десантшылар мен спортшылар, мемлекеттік құпияларды қорғау және жауынгерлік даярлық жөніндегі мамандар, әскери полицейлер, дәрігерлер, техникалық мамандар, байланысшылар, әскери психологтар, қаржыгерлер, кадр мамандары және тәрбиешілер бар. Кездесу соңында Қорғаныс министрі үлгілі қызметі үшін әйелдерге құрмет грамотасы мен медаль табыс етті. Бірқатарына мерзімінен бұрын әскери атақ берілді.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бәріңіз Қазақстан армиясын лайықты түрде көрсетіп келесіздер. Әскердегі әйелдерге артылар жүк ауыр. Қазір бірі сапта, бірі зейнетте, тағы басқасы азаматтық қызметін жалғастырып, қоғамға пайдасын тигізіп жүр.

Жанар Оспанова, 23366 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник:

- Үлкен мерекеге аса мән беріп, біздің Отан қорғау жолындағы ер азаматтармен бір сапта тұрған батыр қыздарымызды ақ дастархан жайып, құрмет көрсетіп, шын ықыласын білдіріп жатқан Қорғаныс министріне алғысымыз шексіз.