8 наурызда Маңғыстау облысында қыз-келіншектер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Мерекелік акция жылда қайталанатын үрдіске айналған.

Ертең Ақтауда, сондай-ақ аудандарға жүретін автобустарда жол ақысы сұралмайды. Әйел қауымына осындай сыйлық жасап, қуантуға жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер бірауыздан келісім берген. Мереке күні  қоғамдық көліктер күнделікті кестеге сәйкес таңғы сағат 06:30-дан кешкі сағат 21:00-ге дейін қатынайды. Ал сайлау және Ұлыстың ұлы күні барлық жолаушыға автобуспен жүру тегін болады.

Аружан Нұргелдина, қала тұрғыны:

- Ақтауда байқағаным, 8 наурызда әйелдер қауымына, аналарға әжелерге осындай көмектер болып жатыр. Соның барлығына рахмет. Жалпы, барлық мерекелерде осындай сыйлық жасалып тұрса жақсы болатын еді.

Жалғас Мейілов, "Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ бас маманы:

- Ақтау қаласы бойынша бұл үрдіс бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келе жатыр. Яғни 8 наурыз күні нәзік жандылардың барлығы қоғамдық көліктерді тегін пайдалана алады. №2, 3, 4, 4М, 5 және 8 деген маршруттарда.