Дауылдан Павлодар облысындағы 2 аудан жарықсыз қалды

Өткен түні соққан ұйытқыған желден Павлодар облысындағы екі бірдей аудан жарықсыз қалды.

Май ауданында - 5, Аққулы ауданында - 16 елді мекенге электр қуаты жетпеген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша жөндеу жұмыстары қолға алынған. Абоненттер саны әлі нақтыланған жоқ. Ал желдің қатталығы сонша облыс орталығында және Баянауыл ауданында әкімшілік ғимараттар мен мектептердің шатырын ұшырып әкетті.