Халықаралық мерекені Қытайда атап өтіп жатыр

Халықаралық мерекені Қытайда атап өтіп жатыр. Соңғы дерекке сүйенсек бұл елде 700 миллионға жуық әйел тұрады.

Қытайда Халықаралық әйелдер күнінің саяси сипаты басым. Коммунистік партия бұл күнді 1920-шы жылдан тойлата бастаған. Қытай халық республикасы құрылғаннан бері ресми аталып өтеді. Бірақ 8-ші наурыз мемлекеттік мейрамға жатқызылмайды.

БЛИЦ:

  1. Бұл күн қай кезден бастап тойланып келе жатқаны есімде жоқ. Қазір жасым 60-та. Өз басым 18 жасымда жұмыс істей бастағаннан атап өтіп келе жатырмын. Біздің жақта бұл мерекеде би билеп, ән айтатынбыз. Өте қызықты болушы еді.
  2. Біздің жастағылар 8-ші наурызды көп атап өтпейді. Бұл күні әдетте ата-аналарымызға шағын сыйлықтар береміз.

Гүлдерге келетін болсақ Қытайда олардың бағасы ақпан айында ғашықтар күні қарсаңында қымбаттайды. Ал 8-ші наурызға таман баға тіпті өседі.

Сюй Чжися, гүл дүкенінің қожайыны:

Бұл күні тапсырыс көп болады. Сондықтан бағалар да қатты көтеріледі. Әдетте гүлдерді мемлекеттік мекемелер, оқу орындары көп алады. Содан кейін шетелдіктер оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағында болған елдерден келгендер сатып алады. Қарапайым қытайлықтар аса қызығушылық танытпайды.

8-ші наурыз күні әйелдер жарты күн ғана жұмыс істейді. Бұл ежелден келе жатқан дәстүр.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Ботагөз Сырғабаева