БҚО-да ЖОО сарбаздарға грант бөледі

Батыс Қазақстан облысында әскерден оралған жастарға білім гранты мен оқу жеңілдіктерін ұсыну үшін Оралдағы университеттердің бірімен келісім жасалған.

Бұл туралы жергілікті Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі айтты. Мұндай мүмкіндік тек әскерде қырағылық танытқан жауынгерлерге ғана беріледі. Аймақта биыл көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде 600-ден астам бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қарулы Күштері қатарына, Ішкі істер министрлігінің «Ұлттық ұланына» және мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.

Альберт Бекмұханов, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:

- 2022 жылы әскери қызметін өтеп келген кез-келген азаматтар ҰБТ-сыз ЖОО-ға гранттар бойынша жеңілдіктер. Егер де мерзімді әскери қызметті өткеру кезінде өзін жақсы жағынан көрсетіп, яғни, мақтау қағаздарымен келетін болса, комиссияда қаралып, оған грант беру арқылы ЖОО-ға түсе алады.