Ақтөбеде сақшы қыздардың еңбегі еленді

Ақтөбеде жас сақшы арулар құрметке бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға қосқан үлесі үшін 10-нан астам студент қыз алғыс хаттармен марапатталды. Олар оқудан тыс уақытта полиция жасағымен бірге түнгі кезекшіліктерді абыройлы атқарып келеді. Негізінен отбасылық жанжал, жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және бұзақылықты болдырмау үшін қызмет етеді. Осыдан бес жыл бұрын құрылған «жас сақшы» жастар тобында 30-ға жуық студент бар. Қыздарды құттықтаған жастар ресурстық орталығы мен полиция қызметкерлері олардың еңбегін ерекше атады.   

Әсел Базарбай, студент:

- 23:00-ден кейін кәмілеттік жасқа толмаған, қоғамдық орында жүрген, заңды өкілінсіз жүрген балаларды ұстауға көмектесеміз. Яғни, біз кәмілетке толмаған балалармен жұмыс жасаймыз. Рейд барысында біздің өмірімізге, қауіпсіздігімізге толықтай полиция қызметкерлері жауап береді.