Алматыда «Анаға мың тағзым» шарасы өтті

Алматыда «Анаға мың тағзым, Ұлы даланың ұлы қыздары» атты мәдени-ағарту іс-шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шоқан Уәлиханов атындағы саябақ алдында концерт өтіп, белгілі өнер жұлдыздары мерекенің шырайын ашса, ақ кимешек киген аналарымыз би билеп, салтанаттың көрігін одан әрі қыздырды. Ал шараға мұрындық болған қоғамдық ұйым өкілдері халықты ұлттық болмысымызды жоғалтпауға шақырады.

Бағила Балтабаева, «Қазақстан ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлескен құрылтайшысы:

- Өзіміздің қандай керемет тұлғалы қыздарымыз болған. Қайсар аналарымыз болған, сол аналарымыздың барлығы аты өшіп, ұмыт болып қалды да, есесіне батыстан келіп жатқан барша Еуропаның бір әншілері болсын, басқасы болсын, ТикТок бар, сондайлармен санасы уланып жатыр жастарымыздың.