Алматы облысы Бөлек ауылында есірткі жасайтын зертхана анықталды

Синтетикалық есірткі Бөлек ауылындағы үйлердің бірінде дайындалған екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту кезінде шыны ыдыстар, ақ ұнтақ пен өзге де химиялық заттар табылды. Полицейлер 29 жастағы қарағандылық азаматты тұтқындаған. Мәлім болғандай, күдікті былтыр желтоқсанда телеграм канал арқылы бейтаныс біреумен танысып, есірткі жасау туралы ұсынысына келісім берген. Сөйтіп, қаңтар айында Бөлек ауылына тұрақтап, заңға қайшы қызметпен айналыса бастайды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу амаллдары жүргізіліп жатыр.