Ірі көлемде есірткі әкелмек болғандар сотталды

Каспий арқылы елге 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған 3 шетелдік және 1 қазақстандық азамат сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айлакер күдіктілер радиолокациялық құралдарға ілінбеу үшін жылдам қозғалатын жеңіл қайықпен ғана Каспийді кесіп өткен. Алайда арам пиғылы жүзеге аспай жағаға жетерде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының қолына түскен. Осы іске қатысты Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты күдіктілерді ҚР ҚК 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырған.