Астанада Талдау мектебінің екінші кезеңіндегі оқыту курсы аяқталды

Бұл мектеп Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бастамасымен құрылған болатын. 2 ай ішінде тыңдаушылар сараптамалық материалдар даярлаудың түрлі дағдыларын меңгеріп, қабілеттерін жетілдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәріс оқу үшін белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылды. Кезекті курстың соңғы күнінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев командалық жобаларды қорытындылады. Алдағы уақытта мектептің жұмысы түрлі форматта жалғасатынын және оның қатысушылары Сенаттың заң шығару қызметі мен Палата іске асыратын жобаларға жұмылдырылатынын айтты.