Ақтөбе облысында су шайған жол қалыпқа келтірілді

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы су шайған жол қайта қалпына келтірілді.

Бұған дейін «Қарауылкелді-Оймауыт» аралығындағы үш ауылмен байланыс үзілгенеді. Кеше тасқын Қандыағаш-Шалқар жолындағы көлік қатынасын тоқтатып тастады. Жол үстіне жайылған судың деңгейі тек 6 сағаттан кейін түскен. Қазір Мұғалжар мен Ойыл аудандарындағы жергілікті жолдарды су басқан. Дегенмен мамандар елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Ал Ақтөбенің өз басында көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген. Бірақ дер кезінде сорғы салып, қауіп сейілді. 

Марғұлан Аманбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Жалпы облыс бойынша 34 елді-мекен ықтимал су басу аймағына кіреді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 11 елді мекенде су басу қауіпі қазіргі таңда азайды. Барлығы 119 мың текше метрден астам су айдалды. Шығарылды. 26,1 км арық тазаланып, 3900 метр куб инертті материалдар әкелінді. 1900-дан астам қапшықтар төселді. Қазіргі таңда су басу қаупі жоқ.