Орал маңындағы өзендер бақылауға алынды

Батыс Қазақстан облысында тасқын қаупінің күшеюіне байланысты Орал қаласы мен бірнеше ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Республикалық маңыздағы жолдардың кей тұстарын су басқан. Ал қалада еріген қар суы 8 жеке тұрғын үй секторы мен 9 әлеуметтік нысанға су кірген. 7 үйде мыңға жуық абонент жарықсыз отыр.

Қазір қала маңындағы өзендерге тәулік бойы бақылау орнатылған. Тасқынмен күреске әскерилер де атсалысып жатыр. Қажет болса көрші облыстан құтқару жасақтары келуі мүмкін. 

Бұл Зашаған кентіндегі жағдай. Мұндағы 8 үйдің жертөлесі еріген қар суына толған.

Ибрайым Әбдірахманов, қала тұрғыны:

- Жылда осылай болады, айтамыз олар шешетін нәрсесі осылай бензовозбен су сорады кетеді. Бірақ проблема шешілген жоқ қой. Қазір подвал судан толып тұр, жалғыз біз емес осы районда бәрі толып тұр. Мөңкеұлы 105 осы жердің тұрғынымын мен. Светтің құбыры бар, жылуды ңқұбыры осы подвалдың ішінде ғой бәрі.  

Тасқын қаупін сейілтуге барлық күш пен құралдар жұмылдырылған.  Жертөлелерден мың текше метрден аса су шығарылды. Осы шағынауданда тұратын мыңға тарта абонент кешеден бері жарықсыз отыр.

БЛИЦ:

- Мына үйде балам тұратын еді, үлкен балам. Соған келе жатырмын екі баланың қасына. Келін жұмысқа кетті. Тамақтарын берейін деп етік алып көмек берейін дер. Үйде свет жоқ. 

- Жағдай мынау ғой, свет те жоқ, су да жоқ отырмыз. Арасында қосады, арасында қоспайды. Свет жоқ болып тұр кешеден бері светті айырып тастады. Үйде балалар жылап жатыр қараңғы деп.

- Кеше біз сабақ жасаған жоқпыз, бүгін жасаймыз, кеше свет болған жоқ. ана водовоздар келді нелер келді бәрі.   

Қала аумағындағы қар суын ағызып жіберетін арнайы құбырлар желісі жоқ. Тоқтаусыз еріген судың әсерінен кәріз құбырларына күш түседі. Оларды толыққанды жөндеу алдағы жылдардың еншісінде,- дейді қала басшылары.    

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Осы көктемде жұмыстарды бастап жыл соңына немесе келесі жылының басына дейін аяқтауымыз керек. Сол кезде ғана КНС 2-3- тер бізде толыққанды жұмыс жасай алады. Одан бөлек біздегі ең проблемалық деп табылатын бізде КНС18. Оны да жобалық сметалық жасақталып жатыр. Осы 3-4 КНС-ты қалыпқа келтірсек қаламыздағы су мәселесі де кәріз мәселесі де толықтай жойылады деп есептейміз.     

Биыл аймаққа ақ ұлпа аз түсті. Бірақ жердегі тоң қалың. Сол себепті су жерге сіңбей, елді-мекендерге қауіп төндіре бастады. Мәселен, Қаратөбе ауданының Қоржын және  Сырым ауданының Абай ауылдарына қатынас қиындаған. Сонымен бірге Бөрлі мен Шыңғырлау аудандарында да жағдай қиын. Ауыл тұрғындары өз күшімен тасқынға тосқын шараларын жасап жатыр. Бұл жұмыстарға әскери бөлімнің жеке құрамы да атсалысып жатыр.    

Ержан Балтаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Елді мекендерді тіршілік қамтамасыз ету объектілерін су басу  қаупіне байланысты Бөрлі ауданы мен Орал қалаында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды. Және де қауіпті аумақтар болып табылатын Қазталов Шыңғырлау Тасқала Қаратөбе аудандары рнласып тұр. Егер жағдай нашарласа бұл аудандарда да ТЖ жариялануы мүмкін. 

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД басшысы:

- Аса қауіпті жерлерден алар болсақ Бөрлі ауданында бір ауылға даладан су келіп сондағы дамбаның су тетіктері үлгермей қалып су келтірмес үшін жанында тұрған тетіктен дамбадан қазу жұмысын жүргізгенмен де су дамбаның үстіне шығып ауылға кіріп екі көшені қазір алғашында 11 үйдің ауланың үйлеріне су кірді денге ақпарат, 44 адам эвакуация жасалды.  

Облыста жергілікті атқарушы органдардың тасқынға қарсы жұмыстарын ұйымдастыруға 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар жергілікті төтенше жағдайлар департменіне тасқынның алдын алу мен жоюға байланысты 490 миллион теңге бөлініп отыр. 

Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов