Семейде көпқабатты үйлер ашық түске боялады

Семей қаласындағы көпқабатты үйлер ашық түске боялады.

Қалалық әкімдік ескі ғимараттарды қайта сылап, әрлеу жұмыстарын жалғастырмақ. Былтыр басталған жоба аясында 16 баспананың сырты сырланған еді. Биыл 32 көпқабатты үйдің келбеті жаңарады. Жөнделетін үйлер жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде іріктеледі. Бұл мақсатқа бюджетен 198 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ бірнеше үйдің қабырғасына сурет салынады.

Диана Шаяхметова, қалалық Тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:

- Ғимараттарды әрлеу жұмыстарының жобасын Астаналық урбонистер жасады. Сондықтан ашық яғни, қызыл, сары және тағы басқада түстер көптеп қолданылады. Біз ғимараттарды қайта сылап, артынша бояймыз.