NEET санатының үлесі 2029-шы жылға дейін азаяды

2029-шы жылға дейін жастар арасындағы НИИТ санатының үлесі 2 есеге азаяды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша ол үшін жұмыссыз жүрген қазақстандықтар арнайы еріктілер жобаларына қатысуға тартылады. Сондай-ақ олардың әлеуметтік жағдайына тұрақты монитринг жүргізу жоспарда бар. 18 мыңнан астам азаматқа жеңілдікпен несие беріледі. 2 миллион 300 мың жастар жұмысқа орналастырылып, 3 миллионға жуығы жоғары білім алады,-деді Дархан Қыдырәлі. Нәтижесінде НИИТ санатына кіретіндер саны 6,7 -ден 3 жарым процентке дейін төмендейді. Жалпы қазір елде 250 адам осы топқа кіріп отыр. Тізімге жұмыс істемейтіндер, білім алмай жатқандар және де өз біліктілігін арттыруға талпынбайтын жастар бар.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Жастар арасында қоғамдық пікір басшыларымен жұмыс жүргізіледі. Қолдау шаралары бір терезе қағидаты бойынша цифрлық форматта жиналады. Іске асырылып жатқан шараларды объективті бағалау үшін дамыту индексі енгізіледі. Ғылыми орталықтармен жұмыс жүргізелід. 90 процент жастар мелекеттік қолдау шаралары жайлы хабардар болады.